Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған қырғыз азаматы құрықталды

0
32

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған қырғыз азаматы құрықталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

20 000 АҚШ долларын және 23 458 000 теңгені Қазақстанға заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Атамекен» кеден бекетінде қолға түскен.

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлайды.
2021 жылдың 19-қазаны сағат 14:30 шамасында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» кеден бекетінің және «КҚЖТ» шекара наряды қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстанға кірмекші болған «Volvo» жүк көлігін тексеру барысында, декларацияланбаған ақшалай затты анықтаған.

Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы қаралғандықтан, Қырғызстан азаматына қатысты тиісті тергеу амалдарын жүргізу мақсатында, іс Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here