Жыл өткен сайын жамбылдық шаруалар егістіктің қыр-сырын үйреніп, баптап өсірудің түрлі тәсілін меңгерген. Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековтың айтуынша, биыл өңірде 1800 гектарға жүгері егілген. Бүгінде 1530 гектары орылып, одан 8770 тонна өнім алынған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековтың айтуынша, биыл өңірде 1800 гектарға жүгері егілген. Бүгінде 1530 гектары орылып, одан 8770 тонна өнім алынған.
Алқаптан жоғары өнімге қол жеткізген Гродекова ауылдық округінің шаруалары 263 гектарға жүгері орналастырған. Табысын еселеп отырған Александр Рыбалко биыл 7 гектарға, ал «Тимофеев» шаруа қожалығы 50 гектарға жүгері еккеніне еш өкінбейді.
Шаруалардың алды гектарынан 8 тонна өнім алып, табыстың тайқазанын тасытты.
– Жылдық көрсеткішке қарағанда биыл жүгеріден анағұрлым көп өнім жиналып отыр. Судан еш тапшылық көрмеді. Жүгерінің бойы 2 метрге жетеді. Арасында жинап жүрген техникаларды әзер байқайсыз. Келер жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарымызда бар, – дейді Александр Евгеньевич.