Аймақтағы елді-мекендер 2025 жылға дейін толық газдандырылады

0 0

Жамбыл облысындағы 350-ден астам елді-мекен 2025 жылға дейін көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта нақты жоспарлар түзіліп, сметалық жобалар әзірленуде. Аталған мәселе туралы облыс әкімінің қабылдауында болған Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мүсілім Қасымов айтты.

Қазірдің өзінде Байзақ ауданынан 21,Шу ауданынан 18, Сарысу ауданынан 14 елді –мекенді газдандыру бойынша Мемлекеттік сараптамаға сметалық құжаттар ұсынылған. Сараптаманың оң қорытындысын алған елді-мекендерге газ құбырларын тарту жұмыстарына қаржы аудан бюджетінен бөлінеді.

Мұнан өзге, өңірде жаңа су электр станцияларын салудың мүмкіндіктері қарастырылады. Жаңа тұрғын үй алқаптарын электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспары пысықталады. Сондай-ақ, облыс әкімі Асқар Мырзахметов басқарма басшысына халыққа қажетті қатты отын бағасын тұрақтандыру үшін бірыңғай операторлармен бірлесе жұмыс жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.