«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезекті тыс ХХІІ конференциясы өтті

0 0

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезекті тыс ХХІІ конференциясы өтті. Конференцияда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Бұл туралы партия қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Рүстем Дәулет хабарлама жасап, Елбасының биылғы Жолдауында айқындалған ең басты он бағыт – еліміздің өркендеуі мен мемлекетіміздің дамуына және ұлттымыздың болашағына кең жол ашатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, филиал төрағасы «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде қабылданған партияның Сайлауалды бағдарламасында баршаға арналған инновациялар – жаңа технологиялық сын-қатерлерге үлкен мән беріле отырып, дүниежүзінде «жаңа технологиялар пакетінің» жинақталғаны және осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына жоғары технологияларды дамыту міндеті қойылғанын жеткізді.

Шарада «Казфосфат» ЖШС ЖЖФЗ директоры, партия қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Леонид Франкулиди, «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Гауһар Тәжібаева, «Тараз Су» мекемесінің директоры, қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Марат Смаилов биылғы жылдың бас құжаты туралы ойларын ортаға салып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Ал партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат биылғы Жолдау – «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған құжат екенін атап өтіп, ұзақ мерзімді бағдарламалар өзгеріссіз қала беретіндігін атап өтті. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясына делегаттар сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.