Еркебұлан Сейдахметтің «Уфа» сапында соққан алғашқы голының бейнежазбасы шықты (БЕЙНЕ)

0 0

Жерлесіміз, тараздық 17 жасар Еркебұлан Сейдахмет ресейлік «Уфа» сапында соққан алғашқы голының бейнежазбасы пайда болды. Естеріңізде болса, жас дарын бүгінде аталған командада байқау кезеңінен өтіп жатыр.

«Уфа» бұл жолдастық кездесуін Кипрден келген «Алки»-ға қарсы өткізген болатын. Футболсүйер қауым «Қазақтың Мессиі» атап кеткен Еркебұлан осылайша ресейлік ұжым үшін өнер көрсеткен алғашқы ойынында-ақ нәтижелі ойыншы екенін аңғартты. Е. Сейдахмет жасыл алаңда бір тайм өткізді. Ойынның екінші бөлігінде команда бапкері алаңға өзге құрамды шығарды. Кездесу 7:0 есебімен уфалықтардың пайдасына шешілді. Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз аталмыш клубпен тек ақпанның 23-і күні 18 жасқа толған кезінде келісім шартқа отыра алады.

Дереккөз: sports.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.