Жамбылда сотталғандар саны артып келеді. Неге?

0 6

Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасап, сотталғандар саны 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Бұдан бөлек, жалпы қылмыстық істер санында да едәуір өсім байқалып отыр. 

Жамбыл облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Абидовтың берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Жамбыл облысы Соттарының қарауымен 2612 қылмыстық іс аяқталған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 551 іске артық. Нәтижесінде, алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырғанда 50 адамға артық, яғни 1792 тұлға сотталған. Керісінше, ақталғандар саны 43 адамды құрап, бір жыл бұрынғы нәтижеден 9-ға кеміген.

Тиісінше, жекелей санаттар бойынша қылмыстық істердің өсуі анық байқалып отыр. Мәселен, былтыр аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған тұлғалардың саны екі есеге ұлғайған. 2016 жылы жалпы сотталғанда 85 болса 2017 жылы 135-ке дейін көбейген. Сондай-ақ, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сотталғандар саны 37 тұлғаға дейін және қылмыстық теріс қылықтары үшін сотталғандардың саны 83-ке артқан.

Ауыр қылмыстар бойынша 2016 жылы 768 тұлға сотталған болса, 2017 жылы 696 тұлға жазаға тартылды. Дегенмен, онша ауыр емес қылмыстар бойынша сотталғандардың саны 48 тұлғаға кеміп отыр. 2016 жылы осы санат бойынша 214 азаматқа жаза кесілсе, өткен жылы 166 тұлға айыпты деп танылды, – дейді Н. Абидов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.