Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев 1957 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында туылған. 1983 жылы Алматы темір жол транспорты институтын бітірді, мамандығы — темір жолдарды пайдалану инженері. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Шу станциясы локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастады. Алматы темір жол басқармасында әртүрлі қызметтерде жұмыс атқарды. 1983-1984 жылдары Шу станциясы локомотив депосының Комсомол комитетінің хатшысы, 1986-1987 жылдары Сарыөзек станциясы бастығының орынбасары, 1987-1991 жылдары Алматы-2 станциясында бастықтың орынбасары, бас инженер, станция бастығы қызметтерін атқарды.
1993-1995 жылдары ҚР көлік министрлігінің темір жол көлігі департаментінің тасуды үйлестіру және ТМД-мен өзара байланыс жөніндегі бөлімнің бастығы, 1997 жылы «Алматыжелдорэкспедиция» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 1998 жылы «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бас директоры қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының әкімі, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрКазахстанТур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақстан темір жолы» компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры, бас инженері қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, К. Көкірекбаев Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Жамбыл облысының әкімі болған.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.