Ерболат Құдайбергенов Қазақстаннан кеткелі жүр ме?

0 15

Көптен бері ел назарынан тасада болған рэпер Ерболат Құдайберген өз жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстаннан кетуі мүмкін екендігін де айтып қалды. Бұл туралы ол Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.http://www.youtube.com

Ерболаттың соңғы жаңалығы Ресейдің рэперлерімен орыс тілінде бейнебаян түсіруі. Әншінің айтуынша бұл өз аудиториясын кеңейту мақсатында жасалып жатқандығын жеткізді.Мақсатын жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясына көшіп кетуі де мүмкіндігін айтып кетті.  Бұл «Ерболаттың арқасында қазақты  таныстыру ма, әлде орыс тілінде ән айту арқылы жарты әлемге танылу ма? — деген сұраққа «- Жоқ, біз қазақша қайда сөйлейміз? Сыйынатын болсақ — арабша оқимыз, Жұмыста — орысша сөйлейміз, Әлемді біліп, тану үшін ағылшынша сөйлеуіміз керек. Ал, қазақша тек үйде ғана сөйлейміз.Қазақ тілін қатты дамыту үшін таза қазақша сөйлейтін ел болуымыз керек. Ол үшін Қазақстандағы басқа ұлттардың бәрін шығаруымыз керек, болмаса олардың бәрін қазақша сөйлетуіміз керек.»  — деп қазіргі уақыттағы қазақ тілінің жағдайын сөз етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.