Банк картасының тарихы

0
13

Елімізде банк карталарын қолданушылар саны мен қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі жыл сайын артып келеді. 2017 жылы Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1,9 триллион теңгені құрады. 

Қолданыстағы банктік карталары ең алғаш Америкада пайда болды. 1914 жылдан бастап бірқатар дүкендер мен ресторандар қалталы әрі тұрақты клиенттеріне арнайы картоннан жасалған карталар тарата бастады.

Картада тұтынушы жайлы мәліметтер жазылды. Осы карта кәсіпкер тұтынушылармен есеп жасасқанда сенімді құжат ретінде пайданылды. Бұл кәсіпкерлер үшін тұрақты клиенттер қатарын арттырудың бір жолы еді.  Картоннан жасалған картаны пайдалану ұзаққа созылмады. Уақыт өте картонның орнына темірден жасалған карталар шығарыла бастады. Ерекшелігі, темір картада тұтынушының аты-жөні, банктегі шоты т.с.с ақпарат жазулы тұрды. Ондағы мәлімет сауда болғанын растайтын мөр ретінде пайдаланылды. Мөр сауда чегіне қойылды. Электронды төлем жасау тарихы осылай қалыптаса бастады. Темір карта ХХ ғасырдың екінші жартысында пластикалық картаға ауысты.

Картамен төлем жасау жүйесін 1949 жылы Diners Club компаниясы қолданысқа енгізді. Компания алғашқыда тұтынушы мен ірі компаниялар арасындағы жасалған саудаға есеп жүргізгені үшін ақы алып отырды. Кейін, өнім өндіруші компания мен тұтынушылар арасындағы сауданың көлемін ұлғайту үшін несиелік карта ойлап тапты. Ол арқылы жасалған әрбір сауда үшін компания сауда қаржысының жеті пайызын алып отырды. Аталмыш карталарды қолданушылар саны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін еселеп өсе бастады. 1951 жылы Diners Club төлем жүйесін Ұлыбритания мемлекетіне пайдалануға рұқсат берді. Осыдан кейін, Visa, Master card сынды әлемдік төлем жүйелері пайда болды.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here