Меритократия қағидаты – бюрократияны жояды

0 69

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаев Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» жайлы өз ойын айтып, сұхбат берді, деп zhambylnews.kz хабарлайды.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарында қызметшілерге қойылатын талаптарды күшейту арқылы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолдары көрсетілген. Негізгі қағидасы – бюрократия мен технократияны жоюға септігін тигізетін меритократияны енгізу. Бір сөзбен айтсақ, тамыр-таныстықпен емес, лайықтыны мемлекеттік қызметте мансаптық жолмен жоғарылату. Қатаң әрі әділ бастама. Бірақ оны біздің қоғамда жүзеге асыру мүмкін бе? Осы мәселе және мемлекеттік қызмет саласында сапаны арттыру жолындағы өзге де қолға алынған шаралар төңірегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаевпен сұхбаттасқан едік.

– Мақсұт Ыбрайханұлы,  Ұлт жоспарындағы «Б» корпусының жоғары лауазымдарға төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжытуды міндеттеген меритократия қағидаты турасында не айтасыз?

–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға қатысты бірқатар міндеттер жүктегені белгілі. Осыған байланысты 2016 жылдың1 қаңтарында «Қа­зақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік қыз­меттің мансаптық моделін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген. Енді мемлекеттік қызметке орналасу төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қа­сиеттеріне байланысты айқындалады. Қызметтік саты ең төменгі лауазымнан басталады. Одан әрі жоғарылау үшін алдымен төменнен бастау керек. Ал ман­саптық жоғарылау тек қана конкурс арқылы жүргізіледі. Бұл дегеніміз – сол мекемедегі білікті, өз жұмысын жақсы атқаратын азаматтарды көтермелеп, қызметтік өсуіне жол ашу деген сөз.

– Біздің қоғамда меритократия  қағидаттарын енгізу мүмкін бе? Өңірімізде бұл талап қалай іске асырылуда, яғни осы қағидат бойынша қанша мемлекеттік қызметші лауазымдарынжоғарылатты?

–Былтыр облыстағы барлық  мемлекеттік органдарда 2097 бос әкімшілік лауазымды орындарға конкурс жарияланған. Олардың  ішінде  ішкі конкурс бойынша жарияланғаны 1136 болса, жеңімпаздар саны 511 құрады. Атап айтсақ, меритократия  қағидаттары негізінде 303 мемлекеттік қызметшінің лауазымы конкурстық негізде жоғарылап отыр. Ал төменгі сатыға өткен жылы конкурстық негізде жалпы 630 азамат мемлекеттік қызметке қабылданды.

–Мемлекеттік қызметке орналасуғамүмкіндік беретін конкурстардың  ашық әрі объективті жүргізіліп жатыр дей аласыз ба?

–Мемлекеттік қызмет туралы Заңда көрсетілгендей, қызметке орналасу конкурстық негізде жүргізіледі.Конкурс кез келген азаматтың тең құқығын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiне сәйкес, конкурс жүргізу әр мелекеттік органда  конкурстық комиссия құру негізінде жүзеге асырылады. Аталған комиссиялардың жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Оған Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, заңнамада белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері байқаушы ретінде қатыса алатынын айта кеткен жөн. Былтыр бізжыл қорытындысында белсенді байқаушыларды шақырып, арнайы Алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттадық.

– «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 6-қадамында көрсетілген еңбекақыны нәтиже бойынша төлеу жүйесінен тоқталып өтсеңіз. Мәселен, қызметшілердің жұмысы жеке жылдық жоспарларды орындағанына қарай бағаланады делік, мемлекеттік органдардың қызметінің нәтижесі стратегиялық жоспарлардың, министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту көрсеткіштері маңызды, Үкімет мүшелерінің еңбегі интегралдық макроэкономикалық индикаторлармен байланысты екені түсінікті. Сонда оны кім саралайды, қызметкерге кім баға береді?

–Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 6-қадамына сәйкес, Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу факторлық балдық шкала бойынша есептеледі. Қазір бірқатар органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілді. Ол «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Факторлы балдық шкала бойынша еңбекақы белгілі бір қызметкер емес, мемлекеттік органның мақсаты мен міндетіне қол жеткізу бойынша лауазымның пайдалылығын ескере отырып бекітіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда бағалау жөнінде комиссиялар құрылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалайды.

– Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді тапсырғаны мәлім. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

–Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бір терезеден басқаратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған. Бүгінгі таңда  бірнеше пилоттық жобалар іске қосылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер композиттік түрде көрсетілуде. Яғни бір өтініш негізінде бірнеше қызмет көрсетіледі.Мысалы, бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу мен бала туу және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау  және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қоюды бір өтініш арқылы жүргізуге болады. Бірнеше салалық қызметті де осылай бір өтінішпен жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

–Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы көпшіліктің көңілінен шығып жүр ме?

– Біз қоғамдық бірлестіктермен  бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсететін орындарда қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту әрекеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін әкімшілік кедергілерді анықтау үшін былтыр мамыр айынан бастап «Жасырын тұтынушы» әдісімен «Қоғамдық бақылау» жобасынқолға алдық. Бұл жоба бойынша кез-келген қызмет алушы қандай да бір мемлекеттік қызметті алу барысында қызмет көрсетуші тарапынан орын алған кемшіліктерді бейне және аудио жазбаға түсіріп, департаментке жолдайды. Соған сай біз өз тарапымыздан кемшіліктер анықталған органдарға тиісті шаралар қолдану үшін ұсынымдар жолдаймыз.

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім сала. Осы тәуекелдерді болдырмауға немесе алдын алуға сіздердің тараптарыңыздан қандай шаралар қолданылуда?

–Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін мемлекеттік қызметтерге сыртқы талдау жұмыстары жүргізіледі. Талдау нәтижелері көрсеткендей,аталған тәуекелдер нормативтік-құқықтық актілеріндегіқарама-қайшылықтажәне қызмет берушімен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыста орын алады. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің пайда болуына ықпал ететін себептер мен салдарды жою туралы тиісті ұсыныстар беріп, қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Мақсұт Ыбрайханұлы, жалпы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар атқарылуда және атқарылған шаралардың нәтижесі қандай?

–Мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру.Сондықтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы қабылданды. Ол бүгінде өз нәтижесін беруде. Халықаралық Транперенси Интернешнл ұйымының жыл сайын жариялайтын Жемқорлықты қабылдау индексінде еліміз былтыр тоғыз орынға жоғарылап, 122-орынға шықты. 2016 жылы 131-орында тұрғанбыз. Жемқорлыққа жол бермеуге мемлекет пен қоғам бірдей мүдделі болуы тиіс. Агенттік өз тарапынан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар жобалар іске асыруда.  Мысалы, мектеп оқушылары үшін «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің енгізілуі – өскелен ұрпақтың бойында осы індетке қарсы тұруына бағытталған жобалар. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық түсіндіру шараларын жүзеге асыру бағытында «Парасыз болашаққа – бірге!» мобильді тобы,  «Есіктен – есікке» жобасы іске асырылуда.

P.S: Мемлекеттік саясат меритократиялық қоғам құруды көздейді.Бұл көптеген қазақастандықтардың – арманы. Енді ше, кім-кімнің де өз еңбегіне лайықты бағасын алатын, жеке тұлға өз талпыныстарына, қабілетіне сай жоғары өрлейтін, әлеуметтік теңсіздік орнаған қоғамда өмір сүргісі келетіні анық. «Әркімге — еңбегіне қарай» дейтін меритократиялық қағида – нағыз әділеттіліктіңөлшемі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.