Бюджет қаражатын тиімді игеру – басты назарда

0 1

2017 жылы қалалық бюджет есебінен 133 мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындар қаржыландырылды, оның ішінде 60 жалпы білім беру мектептері, 25 коммуналдық мемлекеттік мекемелері және 48 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар.

2017 жылы Тараз қаласы бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдердің 38 түрі бойынша түсімдер түсті, оның ішінде 21 салықтық түсімдер, 12 салықтық емес түсімдер және 5 негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.

Сонымен қатар, бекітілген түсімдер жоспарына сәйкес жоғары тұрған бюджеттен қайтарымсыз трансферттер бөлінді. 2017 жылы олардың көлемі 34 845 008,0 мың теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 4 306 458,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері – 12 101 701,0 мың теңге және субвенция – 18 436 849,0 мың теңге.

2018 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 43 633 196,0 мың теңге болса, орындалғаны 45 004 278,8 мың теңге, немесе 103,1% құрады, яғни жоспар 1 371 082,8 мың теңгеге артығымен орындалған.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 115,6%, жоспар 8 788 188,0 мың теңге, орындалуы 10 159 270,8 мың теңгені құраған.

Бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, жоспардың сапалы және толығымен орындалуына қол жеткізу мақсатында, бюджет түсімдерінің әр түрі бойынша жыл бойы талдаулар жүргізіліп, тиісті уәкілетті органдармен бірлесе тығыз жұмыстар атқарылды.

Жыл соңында қаланың бақылау шотында қаражат тапшылығы орын алған жоқ.

Қалалық бюджеттің өзіндік кірістері 2016 жылмен салыстарғанда 1044 828,6 мың теңгеге артып отыр.

2017 жылы бюджеттің кіріс бөлігі құрылымында барлық кодтар бойынша жоспар артығымен орындалған.

Тараз қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 2018 жылдың 1 қаңтарына 100,0% орындалды, нақтыланған жоспары 47 304 020,0 мың теңге болса, орындалғаны 47 290 705,1 мың теңгені құрады, немесе – 13 314,9 мың теңге үнем қалыптасқан. Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен іске асырылатын бағдарламалары 100,0% орындалды, жылдық нақтыланған жоспары 8 467 358,0 мың теңге болса, 8 467 344,1 мың теңгесі игерілді, немесе 13,9 мың теңге үнем қалыптасқан.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен іске асыру бағдарламалары бойынша жылдық нақтыланған төлемдер жоспары 7 940 801,0 мың теңге болса, нақты 7 931 089,5 мың теңгеге орындалды, немесе – 9 711,5 мың теңге үнем қалыптасқан.

Жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша есепті қаржы жылына нақтыланған төлемдер жоспары 27 724 833,0 мың теңге болса, нақты

орындалғаны 27 721 244,4 мың теңге немесе – 3 588,6 мың теңге үнем қалыптасқан.

Сондай-ақ, 2017 жылға арналған қала бюджетінде «Нұрлы жер» бағдарламасына 5 603 441,0 мың. теңге және «Нұрлы жол» бағдарламасына 1 951 573,0 мың теңге қаражат қарастырылып, 100% орындалған.

Тараз қаласы әкімдігінің «Бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдердi жүргізу туралы» қаулысына сәйкес жалақы, салықтар, және әлеуметтік төлемдер бойынша, сондай-ақ трансферт есебінен іске асырылатын шығындардың бірінші кезекте төленуі қатаң бақылауда болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 29 бабын басшылыққа ала отырып, қала бюджетін тиімді пайдалану мақсатында, 2018 жылы атқарылатын жұмыстардың нақты индикаторлары мен межелері Жамбыл облысы әкімі мен Тараз қаласы әкімі арасындағы келісімге енгізіліп, қол жеткізуге бағытталған тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.