Спортшыларға берілетін разрядтары мен санаттары

0 52

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығы және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес, бөлім тарапынан «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi екінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегi екінші санаттағы нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметі көрсітіледі.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз түрінде 5 жыл мерзімді спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді немесе мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі тұралы толық ақпарат Тараз қаласының интернет-ресурстарында www.taraz-gov.kz, да орналасқан.

2017 жылдың қорытындысы бойынша бөлім тарапынан 57 мемлекеттік қызмет, 2018 жылдың 2 айында 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында көрсетілетін қызметтердің мерзімің бұзу және мемлекеттік көрсетуден бас тарту салдары орын алған жоқ.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы О.Борисюк

Leave A Reply

Your email address will not be published.