Астананың жаңа энергетикалық моделі газдандыру және энергия тиімділігіне негізделген

0 3

«Биыл ЖЭО-1 жылу қуаты 110 Гкал өседі, 2019 жылы 3 ЖЭО І кезеңін енгізумен өсім 440 Гкал құрайды», — деді қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында. 

«ЭКСПО көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды енгізе отырып энергияның жаңа моделіне өту көзделуде. Экологияны ескере отырып  газдандыруға негізделген энергия тиімділігіне көшу.

Бес әлеуметтік бастама аясында біз Энергетика министрлігімен және «КазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп  қаланы газдандыруға арналған жолкартасын әзірледік», — деді әкім.

Қалалық желілер бойынша 3 кезектегі ТЭН әзірленді.

Бірінші кезең шеңберінде 2019 жылы 1, 2, 3-ші ЖЭС-да 17 су жылытатын қазандықты газға ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үйді жылытуға көмір жағатын Оңтүстік-Шығыс және Көктал-1, 2 шағын аудандарды газбен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Әкімнің айтуынша, бұл іс-шаралар зиянды заттардың атмосфераға шығуын 30%-ға дейін төмендетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.