Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

0 6

Жамбыл облысы əкімінің өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Тұран» университетін «заӊгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесініӊ мастері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросыныӊ техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығыныӊ төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасыныӊ атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметініӊ сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасыныӊ бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорыныӊ орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысыныӊ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыныӊ бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры — Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өӊірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасыныӊ орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімініӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.