Бақтияр Артаев Мəдениет министрінен турникке тартылу эстафетасын қабылдады

0 0

Боксшы Бахтияр Артаев пен таэквондошы Арман Чилманов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Street workout KZ бойынша бастамасын іліп әкетті,-  деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы министрдің бастамасына бокстан Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев пен Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, таэквондошы Арман Чилманов, қазақстандық тағы бір боксшы, 2011 жылы өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері әрі Азия ойындары-2014 чемпионы Ілияс Сүлейменов үн қосты.

Бастаманың мақсаты — Қазақстандағы бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Street Workout — бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар жеткілікті.

Еске сала кетсек, «Street Workout KZ» акциясын күні кеше ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын — Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдаған еді.

Жобаның негізгі сыйлығы — конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысу үшін жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Шарттары да өте қарапайым, қазақстандықтар жаттығу барысындағы видеоларын желіде бөліссе жеткілікті. Байқау жайлы толығырақ  Challenge Street Workout  KZ веб-сайтынан біле аласыздар.

«Байқауға қатысып жүлделі болуға асығыңыз! Оны Street Workout-тың арнайы алаңында жасау міндетті емес, кез келген жерден өзіңіздің бейнелеріңізді түсіріп, өзіңізге ыңғайлы алаңнан бізге жолдаңыз! Бейнежазбаны телефон камерасына да түсіруге болады. Конкурс 10 маусымға дейін өткізіледі, 15 маусым күні қорытындысы жарияланады. Сонымен қатар, бейнетаспаны «Challenge Street Workout KZ» жобасының сайтында орналастыруға болады», — деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.