«Астана арландары» мен «British Lionhearts» айқасатын орындар анықталды

0 4

WSB жобасы аясында өнер көрсететін «Астана арландары» мен  «British Lionhearts» жекпе-жегінің жартылай финалындағы айқастардың өтетін орны белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Арландар» жартылай финалдағы алғашқы кездесуін 17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында, екінші қарымта айқасын 26 мамырда Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арландары» осыған дейін Бүкіләлемдік бокс сериясын үш рет жеңіп алған болатын. Мұндай жетістікке әлі ешбір команда қол жеткізіп көрген емес.

Отандастарымыз алғашқы чемпиондық атаққа 2013 жылы еншіледі, екінші рет араға бір жыл салып, 2015 жылы тағы да бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал үшінші рет өткен 2017 жылы тағы да жеңісін тойлады. Сондай-ақ,  2011 жылы екінші орынға, 2012,  2014 және 2016 жылдары үздік үшінші орындарға қол жеткізді. Міне, биыл тағы да жартылай финалға шығып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.