Жамбылдық паралимдашы Әлем Кубогінен І – орынды иеленді

0 5

Жамбыл облысының спортшысы Зульфия Габидуллина паралимпиалық спортшылар арасында жүзуден Әлем Кубогіне қатысып қайтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA спорт басқармасына сілтеме жасап.

7-10 маусым аралығында Берлин қаласындағы олимпиалық жүзу бассейнінде өткен жарысқа әлемнің 47 мемлекетінен барлығы 517 спортшы қатысқан.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсеткен спортшы төмендегі нәтижеге қол жеткізді:

Жекелей жарыста

І-орын  100 метр қашықтықта  (еркін жүзуде)

І-орын  1-дәрежелі «Masters» (үлкен жасына сәйкес)

ІІ-орын  2-дәрежелі «Masters» (үлкен жасына сәйкес)

ІІІ-орын  50 метр қашықтықта  (арқамен жүзуде)

Командалық  (эстафета) жарыста әйелдер арасында.

ІІ-орын  4 * 100 метр қашықтықта еркін жүзуден.

Leave A Reply

Your email address will not be published.