Радикалды діни әрекеттердің әлеуметтік базасы жастардан құралған

0 0

ТЖД  «Діни экстремизмге және лаңкестікке қарсы әрекет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.   

Діни шыдамдылықтың және төзімділіктің жағдайын қолдап отыру, діни экстремизмдік ойды таратудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған. Себебі, қазіргі таңда, өзекті болған күрделі мәселенің бірі — Қазақстанда діни радикализм және экстремизм идеясының енуі және таралуы болып отыр. Экстремизмді қарапайым тілде қоғамдағы нормаларға және ережелерге қарама-қайшы келетін соңғы көзқарастарға және әрекеттерге еліктеу деп сипаттауға болады. Көптеген мамандар барлық радикалды діни әрекеттердің әлеуметтік базасын жастардан құралатындығын атап өтті.

«Дін қоғамның өмірінде әрқашан маңызды орында болды және болады, ол адамның рухани қажеттілігін қанағаттандырып отырады. Діни қайраткерлердің ойына миллиондаған адам құлақ асады. Діни бірлестіктердің көбі дәстүрлі, сондай-ақ, қазіргі заманғы әдістерді: діни көпшілік әдебиеттерді және бейнематериалдарды таратуды кеңінен қолдана отыра, жұртшылықты өз жұмысына еліктірумен белсенді айналысады. Экстремистік сайттарда лаңкестікті ақпараттық насихаттау көбейіп кеткеніне назар аудару қажет. Дінге сенетін мұсылмандарды джихатқа белсенді қатысуға шақыру басталуда», — деді «Дін проблемаларын зерттеу орталығының»  инспекторы Елнұр Әскенұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.