Байлықтың жолында жүрген жоқпын, жастарға үлгі болсам деймін – Жақсылық Үшкемпіров

0 2

2017 жылы «Бастау» жобасы кезеңінде 80 ауданда 15 000 адам оқытылып, солардың 3314-і бизнестерін ашты немесе кеңейтті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Атамекен» ҰКП V Съезінде айтылды,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Нағыз көшбасшылар сіздерсіздер. Көшбасшылық деген не? Ол ең бастысы – жауапкершілік. Тек өз тағдырыңызға ғана жауапты бермей, артыңыздан ерген, сізге сенген адамдардың тағдырларына жауапты болу – үлкен ерлік. Кәсіпкерлік деген – тәуекелшілдік. Бизнесте адалдық пен сапалылық болу керек», — деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Гүлнар Қадіржанқызы.

Сондай-ақ, форумға қатысушы, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіров ел болу үшін өз-өзімізді жұмыспен қамти білу керек екенімізді айтты. Ол аталған жобаны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, өзге мемлекеттер алдында еңсеміз тік болуы үшін көзіміз ашық болу керектігін алға тартты.

«Сонау жетпісінші жылдары Кеңес Одағы кезеңінде қандай қиын болғанын білеміз. Қазір тәуелсіз мемлекетпіз. Бұдан асқан қандай бақыт керек?! Қайда барсақ та, қалай жүрсек те «Менің елім, менің Отаным» деп айта аламыз. Мен ауылдан шықтым, өзімнің Отаным үшін жанымды берем. Байлықтың жолында жүрген жоқпын, жастарға үлгі болсам деймін», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.