Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен Германия спортшысы Қазақстанның жалауын көтерді

0 3

Еуропа чемпионатында өнер көрсеткен Германия спортшысы жеңіс тұғырына Қазақстанның жалауын көтеріп шықты, — деп хабарлайды «Zambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатына Қостанай облысының тумасы бүгінде Германия азаматы Эдуарт Кексель қатысты. Аталған дүбірлі додада Эдуарт Еуропа чемпионы атанды.

Германияның атынан шықсада жеңіс тұғырына Эдуарт қазақстандық жалаумен көтерілді.

«Мен жарыста қазақстандық команданы көргеніме қатты куандым. Мен шешуші кезеңде жеңіске жеткенде олардан Қазақстан туын жеңіс тұғырына көтерілу үшін бере тұруларын сұрадым. Мен Отанымды қатты сағындым», – деді Эдуарт Кексель.

Leave A Reply

Your email address will not be published.