1 шілдеде дүниеге келген әрбір тұңғыш сәбиге домбыра сыйлыққа беріледі

0 23

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 шілдеде дүниеге келген отбасындағы тұңғыш сәбилерге ұлттық домбыра күніне орай домбыра сыйлауға уәде берді, — деп хабарлайды  «Zhabylnews» AA «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматыда өткен журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы барысында ұйым төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко айтты. Сондай-ақ, отырыс кезінде Ассамбея клубының жаңа төрағасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда Қазақстанда домбыра күні пайда болатыны хабарланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.