Бүлдіршіндер балабақшаға саусақ таңбасымен кіргізіле бастады

0
20

Павлодардағы №29 балабақшада ғимаратқа саусақ таңбасымен кіргізетін «Smart Павлодар» пилоттық жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA  Pavlodarnews.kz – ке сілтеме жасап.

Мекеменің кез келген тобының кіреберісінде баланың келіп-кеткен уақытын қадағалайтын есептеуіш құралдар орнатылған. Ол үшін арнайы құрылғыға алдымен ата-ана, артынан тәрбиеші саусақтарын қояды. Деректер базасында баланы қай уақытта әкеліп, әкеткені туралы мәліметтер бірден шығады.

Дәл сол уақытта ата-ананың ұялы телефонындағы «Smart Павлодар» қосымшасына хабарландыру келеді. Бұл қосымшаны PlayMarket немесе в AppStore-дан тегін жүктеп алуға болады.

Бұл ретте бағдарламаға  ересек адамдардың саусақ таңбасын шектеусіз көлемде енгізіп қоюға болады.  Ол үшін отбасы мүшесі әкімшілікке өтініш жазса жеткілікті. Базаға енгізу небәрі 5-10 минут уақытты алады.

«Егер бұрын баланы көзімізше әкеліп, әкетіп жүрсе, енді бұл процестердің барлығы автоматтандырылды. Қазір құрылғыны жетілдіру жұмыстарын тереңдете түстік. Екі тілде дауысты тану жүйесімен айналысып жатырмыз. Әзірге ол тестілеуден өтуде. Кейін осы балабақшаға енгізетін боламыз», – деді «BFGroupInc» ЖШС басшысы Сергей Голышев.

Сәйкестендіру кезінде жасыл және қызыл түстер жанады. Қызыл жанған кезде тәрбиеші баланың ауырғаны туралы анықтаманың болмауы немесе балабақша ақысының төленбеуі салдарынан бүлдіршінді қабылдай алмайды. Бағдарлама ата-ананы дереу басшылыққа немесе медициналық пунктке жібереді. Алайда, ұялы қосымша қолданушыларына ертерек хабар таратылатындықтан, мұндай жағдайлардың алдын алуға болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here