Астананың 20 жылдығы: Тараз тұрғындарына мерекелік тегін торт ұсынылды (ФОТО)

0 2

Бүгін Тараз қаласы Т.Рысқұлов атындағы өнер және демалыс саябағында  этномәдени бірлестіктердің «Асқақ Астана» атты акциясы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Астананың 20 жылдығына арналған акцияда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы, Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясы, «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестіктері және «Нұр шашу» би ансамблі өз өнерлерін ортаға салды.

Ұйымдастырылған мерекелік шара соңында қала тұрғындарына Астана қаласының 20 жыл толуына арналған арнайы тәтті тағам торт ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.