Сенаторлар Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

0 1

Жамбыл облысында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті тек ірі шаруа қожалықтар ғана емес, шағын шаруашылықтар да көру керек. Аймаққа жұмыс сапарымен келген сенат депутаттарының пікірі осындай. Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында болған халық қалаулылары ауылшаруашылық саласымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Сенаторлар алғашқы кезекте Меркі ауданында болып, өңірдегі іргелі агроқұрылымдардың бірі – «Сыпатай батыр» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Жылда қызылша шаруашылығының көркін қыздырып отырған серіктестік биыл 300 гектарға тәтті түбір еккен екен. Бұған дейін қызылша алқабын арық суымен суғарып келген шаруашылық үстіміздегі жылы су үнемдеу технологиясын енгізіпті. Меркі ауданындағы бірқатар фермерлердің жұмысын көзбен көрген депутаттар келесі кезекте Т.Рысқұлов ауданындағы «Сүйін» шаруа қожалығына аялдады. Шаруашылық бүгінде 100-ден астам ірі қара малды үй жағдайында бордақылап, етін аудан орталығы мен Алматы қаласына жөнелтуде. Есесіне онға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сенат депутаттары аудандағы 150 орын­дық «Аяна» балабақшасында да болды. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Халық қалау­лы­лары мұнда тәрбиешілермен тілдесіп, еліміздің стратегиялық мақсаттары, Елбасы саясатының жемісі туралы пікірлерімен бөлісті. Мекеме қызметкерлерінің де ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді. Сондай-ақ, сенаторлар «Шәушен» шаруа қожалығының мал сою, етті тоңазытып сақтау кешенінің де жұмысына назар аударды.

Бұдан бөлек, аталған аудандағы басқа да шаруалардың жұмысын танысқан халық қалаулылары Т. Рысқұлов ауданындағы «Сүйін» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылықтың бір ерекшелігі жыл бойы өз үйінде 100-ден астам ірі қара малды бордақылап, етін аудан орталығы мен Алматы қаласына жөнелтеді. Оған қоса онға жуық жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Сенат депутаттары бұдан кейін аудан орталығындағы жеке балабақшаның жұмысымен танысты. Бөбекжай 150 орынға арналған. Нысан иелері алдағы уақытта тағы да балабақша салуға ниетті екендіктерін жеткізді. Бұдан бөлек, «Шәушен» шаруа қожалығының мал сою алаңында болған сенат депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев ауылшаруашылығы саласына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің көптігін айтып, одан шағын шаруашылықтар шет қалмау керектігін жеткізді.

Әрине, соңғы жылдары елімізде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамыды. Сондықтан, елдегі шаруалар дың еңбегі орасан. Осылай деген халық қалаулыларының жұмыс сапары Жамбыл облысында ары қарай жалғасатын болады.

Бүгінде облыста шағын және орта кәсіпкерліктің көкжиегі жыл санап кеңейіп келеді. Бұған мемлекеттік қолдау тетіктері оң септігін тигізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.