Сарысу ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

0 13

Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA. 

Ауданда алғашқы 6 айда ауыл шаруашылығында  өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 2487,5 млн.теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 104,0 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, аудан бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөністер, бақша өнімдері мен  2-3 жылдық, көп жылдық шөпті қосқанда барлығы 19 696 гектар егістік жер игерілді.

Сонымен қатар, мал басында және өнімінде тұрақты өсім сақталып отыр. Атап айтар болсақ, ауданда ағымдағы жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 20 300 басқа, қой-ешкі 281 450 басқа, жылқы 6 350 басқа, түйе 2 183 басқа жеткізіліп, 3 114,2 тонна ет, 2 753,9 тонна сүт, 1 893,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 862 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен қой малдарын сатып алған. Ал 1 269 мүйізді ірі қара малына асылдандыру жұмысын жүргізіп, барлығы 45 шаруа қожалықтарына 32,3 млн. теңгеге субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.