Жамбылдықтар Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Гузалия Гафурованы салтанатпен күтіп алды (ФОТО)

0 42

Бүгін 18-ші жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Гузаля Гафурова туған жерге оралды. Чемпионды  әулиеаталық жұртшылық ерекше ықыласпен қарсы алып, кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы “ZhambylNews” Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы жамбылдық спортшыны Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков арнайы құттықтады.

Жамбылдық спортшы Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта алтын жүлдеге ие болған еді

Гузаля Гафурова, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы:

— Каратэ олимпиада ойындарын енген еді. Алайда оған қатысу үшін рейтингтік балл жинау керек. Өкінішке орай әзірге менде балл жоқ. Алла қаласа олимпиада ойындарына қатысу үшін көп еңбек етіп, тер төгөмін.

68 кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен спортшымыз 4 кездесу өткізген. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен жерлесіміз 8:5 есебімен жеңіске жетіп, ақтық сында қытайлық спортшы Танг Линглингті 2-0 есебімен жеңді.

Дулатбек Құсбеков, Бапкер:

— Джакарта қаласында Индонезияда ХVІІІ жазғы Азия ойындары өтті. Соның ішінде каратэ-до спорт түрі болды. Жалпы, 4 ұл, 4 қыз қатысты. Жамбыл облысынан спортшы Гузалия Гафурова шәкіртім қатысуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта Испанияда қараша айында әлем чемпионы болады. Соған қатысып, әлем чемпионын бағындырып, ары қарай Токиода өтетін ойындарға жолдама алу алдағы мақсатымыз.

Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Гузаля Гафурова азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанып, каратэ-до спортынан рекордтық көрсеткіш орнатқан еді. Ендігі кезекте әлем чемпионатын бағындырып, 2020 жылы Токио қаласында өтетін олимпияда ойындарына қатысуды көздеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.