Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашады: Тоқаев заңға қол қойды

0 51

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден қызметі өкілдіктерін ашуды көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.