Облыс əкімі «Мерейлі отбасы-2018» байқауының жеңімпазы атанған əулетті құттықтады

0 2

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының жеңімпазы атанып, 3 мыңға жуық үміткерлердің арасынан топ жарған Ниязқұловтар әулетін қабылдап, биыл елімізде бесінші рет өткізіліп отырған байқаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, әулет отағасы Үмен Ниязқұлов (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Жұбайы Баян Ниязқұлова (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың педагоги­калық қызметін балалары мен немерелері жалғастырып, 3 буынның жалпы педаго­гикалық өтілі – 198 жылға жуықтапты. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге ғұмыр кешіп, 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.