Жамбыл облыстық орыс драма театрында «Найман ана» қойылымының тұсауы кесілді

0 2

Жамбыл облыстық орыс драма театрында  Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай  «Ғасырдан да ұзақ күн» романының инсценировкасы негізінде жазылған «Найман ана» қойылымының тұсауы кесілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сахнаны сілкіндірген драма шөлейттегі Орта Азияның тоталитарлық елді мекені, темір жол бойындағы тіршілікті сипаттаудан бастау алып, шығармадағы Боранды бекет, Сарыөзек, ел, Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ағаш сияқты бірнеше кеңістіктер қойылымды әсерлі ете түсті. Сонымен қатар, сахнадағы тікенекті сыммен қоршалып, екі аумаққа бөлініп жатқан беймәлім көрініс көпшілікті таңдандырды деуге болады.

Бұл қойылымда халықты мемлекетке соқыр қызмет етуге мәжбүрлеп, түп-тамырымен жою саясаты қолға алынады. Шекара әкімшілігінде шөл далаға тастап кеткен аналардың жағдайы суреттелді. Олар өз халқының салт-дәстүрлері мен халықты тамырымен жойып жібермес үшін  Найман Ананың есімін  символ ретінде сақтап қалады.

Қойылым біткен соң сахнаға Дүйсенәлі Бықыбаев шығып, Сұлтан Раев бастаған айыр қалпақты ағайындарға алғысын білдірді. Қазақ пен қырғызға ортақ жазушының мерейтойымен көпшілікті құттықтап, халқымыздың жөн-жоралғысымен құрметті қонақтарға сый-сияпат көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.