Ғалымдар адам ағзасы қай уақытта көп калория жұмсайтынын анықтады

0 0

Арықтау үшін күнделікті бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйқыға жату керек. АҚШ-та Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары анықтағандай, адам ағзасы кешкісін таңертеңмен салыстырғанда 10%-ға көбірек калория жұмсайды.

Жеті еріктіден тұратын топқа тәжірибе жүргізген мамандар осындай қорытындыға келген. Қатысушылар бір айдан астам уақыт бойы терезесі жоқ зертханада тұрып, ешқандай күш жұмсамай, демалып жатады. Ғалымдар олардың телефондары мен сағаттарын да алып қояды. Күн тәртібін диетологтар ғана белгілейді. Әр түні ұйықтайтын уақытты төрт сағатқа шегеріп отырған.

Белгілі болғандай, адамдардың биологиялық кешкі уақыты мен шын мәнісіндегі кешкі уақыт сәйкес келгенде, олардың ағзасы әр сағатта жарты грамм май кетіріп отырған.

«Адамдардың көпшілігінде биологиялық және шын мәнісіндегі кешкі уақыты сәйкес келеді. Бірақ адам күн тәртібін бұзып, барған сайын кеш ұйқыға жататын болса, биологиялық кешкі уақыт пен шын мәнісіндегі кешкі мезгілдің арасы алшақтай түседі. Салдарынан биологиялық кеш түн ортасында немесе келесі күні таңертең ерте түседі — ал бұл аз калория жұмсайтын уақыт, — дейді зерттеу авторлары.

Калория ең аз жұмсалатын уақыт таңғы төрт пен алтының арасы, ал ең көп жұмсалатын кез — 17:00 мен 20:00, деп атап өтті ғалымдар.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.