Метрологиядағы револиция: Келінің бұрынғы өлшемін жаңа формула алмастырады

0 0

Келесі жылы мамырда жердегі барлық адамдар ескі келі өлшемімен қоштасады. Алайда оны байқамайды. Ғалымдар салмақ бірлігін өлшейтін жаңа анықтаманы қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Келі бүгінгі күнге дейін адамдар жасаған эталон үлгі арқылы анықталатын жалғыз физикалық өлшем болып келген еді.  Салмақ өлшемі қазіргі жетілген ғылымның қажеттілігі үшін тиімсіз болып отыр.

«Кәдімге таразының құрылымында ертең де, бір жылдан соң да ештеңе өзгермейді. Біз болашақтағы жүйенің тұрақтылығына кепілдік бердік, бұл 140 жыл бойы сақталған өлшемге қатысы жоқ», — деді Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының директоры Мартин Милтон (Париж).

Өлшемдер мен салмақтар бюросы килограм эталоны болған гірдің орнына кванттық физикадағы шаманың қатысуымен жаңа формуланы енгізеді. Қысқаша айтқанда, келінің орнын басатын өлшем оны жылжытатын қажетті энергияны өлшейтін болады. Ол үшін күрделі құрылым мен жоғары нақтылыққа ие құрылғы қажет. Бірақ, тұрмыстық қажеттілікте бірнеше ондаған микрокелі — грамның миллиондаған бөлшегінің аса бір маңызы жоқ, әрі байқалмайды. Сондықтан ескі таразыны лақтырудың қажеті жоқ.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.