Таразда «Елбасы және Ұлы Дала мұрасы» тақырыбында арнайы көрме ашылды

0 1

Ағымдағы жылы 30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Елбасы және Ұлы Дала мұрасы» тақырыбы аясында арнайы ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Көрмеге музей қорындағы 185-тен астам құнды жәдігерлер топтамасы және де Елбасының «Көне Тараз» музейіне келіп аралаған тарихи фотосуреттер ел назарына ұсынылды. Олардың ішінде түргештер заманында соғылған күміс, қола теңгелер, Қытаймен сауда-саттық барысында келген қытайлық теңгелер мен бұйымдар, қарлұқ қағанатының әшекей бұйымдары мен тұрмыстық заттары, қарахандар дәуірінің мәдениетінен сыр шертетін күміс пен қоладан жасалған бақыр теңгелер, бүтіндей көмбе күйінде табылған әйел адамның алтын, күміс әшекейлері: білезіктер, сырғалар, моншақтар және сұйықтық сақтауға арналған сынапкөздер, қоладан құйылған шырағдандар және үйсін дәуіріне жататын қола айна мен шаш түйрегіш бар.

Айта кетейік, аталған көрме желтоқсан айының 20-шы жұлдызына дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.