Өңірлік палата кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуде

0
36

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел аумағында алғашқы ауқымды кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуде. Қазіргі таңда Жамбыл облысынан үш аптада 4000-ға жуық кәсіпкер сауалнамаға қатысып, пікірін білдірді. Бұл туралы “ZhambylNews” AA облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарманың мәліметінше, Жамбыл облысында бүгінде жұмыс істеп тұрған 63 262 кәсіпкерлік субъектісі бар. Оған «Атамекен» ҰКП 300 қызметкері, ал өңірлік палатаның 22 қызметкері таңнан кешке дейін кәсіпкерлерді аралап, сауалнама жүргізу жұмыстарына кірісіп кетті. Әуелі Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының орталық базарлар мен сауда үйлері мен дүңгіршектерінен басталды. Алдағы уақытта өндіріс ошақтары мен кәсіпорындарды аралау жұмысы тұр. Осы ретте, барша аймақ кәсіпкерлерін сауалнама белсенді қатысуға шақырады.

Бұл сауалнаманы жүргізудегі негізгі мәселе – әр кәсіпкермен тілдесіп, пікірін білу, сұранысын есту, кері байланыс орнату. Сауалнама алты айға жалғасады. Қорытындысы бойынша Жамбыл бизнесін алаңдатқан проблемалар мен кем-кетіктердің айқын көрінісі белгілі болады. Кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама аясында «Atameken services» порталына 827 бизнес-субъектісі тіркелді.

Жаңартылған портал – бұл 60-дан астам тегін сервистік қызмет төрт негізгі бағыт бойынша көрсетілетінін айтып кеткен жөн. «Несие агрегаторын» қолданып, кәсіпкерлер онлайн режимінде елдің барлық негізгі банктері мен қаржылық ұйымдарына несие алуға өтінім бере алады. Бизнес білімді кеңейту және қызметкерлерді қайта оқытуда «Atameken.Academy» сервисі жақсы көмекші. Ал кәсіби заңгерлік көмек «Құқықтық қорғау» бөлімінде қолжетімді. Сонымен қатар өтінім берушілерге бизнес-жоба, салықты есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу тегін көрсетіледі.

Сондай-ақ, өңірлік палатаның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы да «Atameken Services» қызметіне кәсіпкерлер жүгінеді. Атап айтқанда, көбінде 100-ден астам бухгалтерлік және салықтық есеп, статистикалық есепті құру, 100-ге жуығы маркетингтік сұрақтар бойынша, 20-дан астамы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша онлайн-порталға өтінім жіберген. 30-дан астам кәсіпкер бүгінде кеңсесі немесе үйден шықпай-ақ дайын бизнес-жоспарға алуға тапсырыс беріп, олардың барлығына бизнес-жоспарлар әзірленді.

Мәселен, Байзақ аудандық жеке кәсіпкер Ақбота Шолановаға «Atameken Services» порталы арқылы етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал санын көбейту мақсатында бизнес-жоспарға тапсырыс беріп, қаржы институттары арқылы несиеге қол жеткізген. Жамбыл облысы аграрлы өлке болғандықтан мал шаруашылығын қатысты бизнес-жоспарлар қажеттілігі көп. Бұрындары ауылдағы ағайын білікті мамандарды іздеп, ақылы бизнес-жоспарлар жаздыртса, ендігіде табан тоздыртып, көше кезікпей, онлайн тапсырыс бере алатыны қуантады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here