Жамбыл облысында 396 медициналық ұйым жұмыс істейді

0 1

Жамбыл облысында 396 медициналық ұйым жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқарма басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдары 100 пайызға медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Облыста 43 мемлекеттік медициналық  ұйымда «Elsi Med»  және «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Қамтылуы — 100%. 2018 жылы 396 медициналық мекеменің  интернет желісіне қосылуы — 92 % құрады. Интернет желісі 22 ұйымда қосылмаған.Облыс бойынша 5 260 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны бар, қамтылуы —  100% құрайды.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 151,9 млн. теңгеге 1013 (қалалық ұйымдарға – 393, аудандық ұйымдарға — 620) компьютер сатып алынып,  100% қамтылды. Халықтың 775 283 электрондық денсаулық паспорттары жасалды. Қамтылуы — 69%. Мобильдік қосымшаларды пайдаланушылардың 59 713 тіркелді. Цифрлық сауаттылықтың 20 посты ашылып, 513 698 адам оқыды.

«Көмек» ақпараттандыру жүйесін ендіру нәтижесінде жедел жәрдем бригадалары арқылы шақыру уақытын бақылау мүмкіндігі де өсіп, көрсеткіштер жақсарды.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылғандай, 2019 жылы 1 қаңтардан бастап, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйым қызметкерлерінің кезең-кезеңімен жалақысын көтеру аясында 2219 учаскелік медицина қызметкері (оның ішінде 683,5 штаттық бірлік дәрігер, 1525 штаттық бірлік  мейірбикелер) жаңа технологиялар бойынша оқытылып, 20% үстемақы алады. 349 228,0 мың теңге көлеміндегі қаражат әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша оқытылғандар  саны — 371 бұл 12,8 пайызды құрап отыр (153 — дәрігер, 218- орта буын мамандары). Бұл 371 маман жаңа технология бойынша оқып сертификаттарын алды. 2019 жылдың 1 қантарынан бұл бағдарлама бойынша оқытылғандарға 20% үстемақы төленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.