Таразда Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

0 14

Ағымдағы жылдың наурызында өңірлік «Достық» үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваның жүргізуімен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отырысқа облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, өкілдері мен жастары, Тараз қаласы мен Жуалы ауданы әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімі мен көрме залы меңгерушісі қатысты.

Кеңес отырысында күн тәртібіне сай негізгі 3 мәселе қаралды. Оның біріншісі Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам іске асыру мақсатындағы «Бірегейлік пен бірлік» IV реформаны ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы болды. Аталған мәселе төңірегінде Тараз қаласы және Жуалы ауданы әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтежиесімен таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ұлы Дала қазынасы» жобаларының бірінші кезеңін іске асыру бойынша атқарылған жұмыс және «Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару. Сондай-ақ, жарық көргелі тұрған энциклопедия негізінде интерактивті карта жасау болатын. Аталған мәселеге сай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімінің бас сарапшысы Альбина Маратқызы мен көрме залы меңгерушісі Вера Андреевна өз баяндамаларын жасап, атқарылған жұмыстарының есебін берді. Осыған орай, алдағы уақытта «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде атқарылатын жұмыстарға белсене атсалысу үшін облыстық этномәдени бірлестік басшыларына ұсыныстар жасалды. Жиын барысында баяндамашыларға түрлі сұрақтар қойылып, көтеріліп отырған мәселелер жан-жақты талқыланды.  Кеңес отырысының көтерген үшінші мәселесі, яғни соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау бойынша дайындық жұмысы турасында болды. Алдағы уақытта бұл мәселе төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.