Шаһар басшысы Қайрат Досаев түнгі рейдке шықты

0 5

Кеше Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қаланың түнгі жарықтандыруымен танысу мақсатында қала көшелері мен мөлтек аудандарды аралады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Түнгі рейд барысында Жансүгіров, Шестакович көшелерінде түнгі жарықтың жанбай тұрғынын «Тараз Жарык Сауда» ЖШШС-нің мамандары электр сымдарын жер астымен жүргізу жұмыстарының жүргізілумен байланыстырды.

Төле би даңғылының бойындағы билбордтар жарықтандырылмаған. Негізі бұл даңғыл бойында 20 билборд, 3 плизматрон орналасқан. Қала әкімі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарына билбордтардың егелерімен кездесіп, келісімшарт негізінде жарықтандыруға екі апта уақыт берілді.

«Жансая» мөлтекауданында көше бойында түнгі жарық болғанымен, мектепке баратын жолдар, көпқабатты тұрғын үйлерге кіретін жолдар жарықтандырылмаған. Шаһар басшысы бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігін ойлап, барлық мектепке барар жолдарға шамдар орнатуды қатаң тапсырды. Қала әкімінің бас инспекторларына аумақтағы мектептердің шамдарына ревизия жасап, қажетті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Қалалық Мәдениет үйінің алдында серуендеп жүрген тұрғындар қала әкіміне өздерінің өтініштерін білдірді. Ауданда жатақхана балаларының ойнайтын ойын алаңшалары болмағандықтан, мәдениет үйінің жанындағы саябаққа ойын аттакциондарын орнатуды сұранды.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени мұражайы алдандығы қоршаулардағы 300 дана декоративті шамдарды мердігер техникалық қызмет есебінен қалпына келтіруге уәде берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.