Шаһар басшысы Қайрат Досаев қала тұрғындарымен кездесті

0 6

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев шаһар тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Шахристан» базарының орнында тарихи-мәдени орталық, Тараздың «Арбатын» жасау бойынша жобалар қолға алынған. Жоба бойынша осы аумақтағы Кеңес дәуіріндегі салынған көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті ортағасырлық шығыс сәулет өнерінің үлгісінде болуы қалақұрылысы кеңесінде қарастырылған.

Қала әкімі Қайрат Досаев, құрылыс және қала сәулеті, жер қатынастары бөлімінің басшылары осы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, үйлердің сыртқы келбетін жөндеу жұмыстарын тұрғындар өз есебінен жүргізу керектігін жеткізді. Ол үшін арнайы пәтер иелерінің кооперативін құрып, тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге тұрғындар өз келісімдерін беріп отыр.

Сонымен қатар, қазіргі тұрғын үйге жапсарлас салынған сауда павильондарын бұзып, арнайы сауда павильондары үшін бөлінген жер теліміне қайта салу ұсынылды.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.