Тараздағы мөлтек аудандардың бірінен өрт шықты

0 3

Тараз қаласындағы «Жайлау» (3) мөлтек ауданы, №23 үйдегі пәтерден өрт шықты, — деп жазады «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 6 мамыр күні таңғы сағат 04:52-де Тараз қаласы «Жайлау» (3) мөлтек ауданы №23 үйдегі пәтердің өртенуі болды. Өрт сөндіру барысында 5 адам қауіпсіз орынға көшірілді, оның ішінде 1 бала. Өрт сағат 05:18-те оқшауланып, сағат 05:25-те толық сөндірілді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртті сөндіруге ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 9 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.