Тараздағы түзеу мекемелерінің бірінде қақпа алдында кездесу болып өтті

0
41

Тараздағы түзеу мекемелерінің бірінде қақпа алдында кездесу болып өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Жазасын толық өтеп, бостандыққа қадам басқан азаматқа ЖД-158/7 мекемесінде әлеуметтік-құқықтық көмек берілді. Бұл жолы әлеуметтік бағдарламаның шарапатын 43 жасар Григорий Грудинин көріп отыр. Арнайы мамандар сотталғанға қоғамға қайта бейімделіп, заман иіріміне сай оңалуына қатысты нұсқаулар беріліп, жөн сілтеді.

Қазір темір тордан босап шыққандар бұрыңғыдай қайда барып бас сауғалап, күнелтем деп еш қам жемейді. Себеп олар үшін де мемлекет оңтайлы мүмкіндіктерді қарастырып қойған. Тек тиімді кәдеге жаратса болғаны. Мәселен, атаулы жиында сөз болғандай Григорийге қысқа мерзімді кәсіптік білім алып, жаңа мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына байланысты тиісті көмектер алуға құқығы бар. Сонымен қатар, жеке кәсібін ашуға да әбден болады, бастысы ниеті болса, үкімет қолдауға әзір.

Мұнан өзге, кездесуде сала мамандары сотталғанға қатысты барлық ахуалды сараптап, тіркеуге алды. Оңалту жолында атқарылар тірлік аз емес екендігі тілге тиек етілді. Жыл басынан бері мекемеде ондаған кездесу өткізілсе, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here