Мінсіз мүсін: бір ай ішінде қарындағы майдан қалай арылуға болады?

0 4

Диетологтар қарындағы майды тез кетірудің қағидаларын ұсынды

Диетологтар қан құрамындағы қант мөлшеріне назар аударуға кеңес береді. Егер тәтті бірдеңе жегіңіз келе берсе, қант мөлшері жоғары деген сөз. Сол себепті анализ тапсырған абзал.

Қарындағы майды кетіретін диета

Сонымен қатар, жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Бір ай ішінде қарындағы майды кетіру үшін, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.

Диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлы және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді.

Кардио жаттығулар мен іштегі бұлшық еттерді шынықтыру көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.