Тараздық зияткерлік мектеп оқушылары Англияға сапар жеңіп алды

0 3

Тараздық зияткерлік мектеп оқушылары Англияға сапар жеңіп алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауына қатысу арқылы жеңіп алды.

Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдер мен идеяларын таныстырды.

– Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін біз жеңіл және берік материалдарды пайдаландық, сондай-ақ екі электр қозғалтқышын енгіздік. Ұшақтың көтерілу күшін арттыратын аэродинамикалық қанаттар пайдаландық. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Өз жұмысымыз бен еңбегімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді, – дейді жас өнертапқыштар.

Байқаудың финалына 100 үздік команда қатысты, бұл – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 500 қатысушы. Қазылар алқасының құрамына жергілікті және шетелдік мамандар кірді.

Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қамқорлығымен өткізілді. Ұйымдастырушылар ҚР Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК және Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университеті. Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы «Air Astana» және «Samruk – Kazyna Trust»әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.