Жамбыл облысында ЖД-158/7 мекемесінде басты құжаттағы басым бағыттар талқыланды

0
12

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған жеке құрамның отырысы өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Кадр саясаты бөлімшесінің инспекторы Айгерім Ерубаева бұл жолғы Жолдауда өткенді саралай отырып,болашаққа баянды істермен қадам басу керектігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бас құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.

Жеке құрам Қазақстан халқына жасалған кезекті Жолдауды жылы қабылдап, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған стратегиялық құжат туралы кеңінен әңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Мекеме ұжымы Жолдауға қолдау білдіріп, өзекті мәселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайтынын және міндеттемелерді орындауға үлес қосатынын жеткізді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here