Жамбыл ауданының әкімі “Үздік педагог” байқауының жеңімпазын құттықтады

0 2

Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов Қазақстан Республикасының “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы, Баймырза Бесбаев атындағы мектеп – гимназиясының орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қалмаханова Айгүл Базарбайқызын қабылдап жеңісімен құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айгүл Базарбайқызына Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Құрмет грамотасын» салтанатты түрде табыс етіп, 2020 жылдың наурыз айында Дубайда өткізілетін “Әлем мұғалімі” байқауында ауданның мәртебесін әлемдік деңгейде танытуына тілек білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.