Тараз қаласында «Жанашырлыққа-жан риза!» атты мерекелік іс-шара өтті

0 1

Мүгедектер күніне орай «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында «№51 Бәйтерек Бастауыш партия ұйымының» қолдауымен қызметкерлер мен Орталық тұрғындарының ұйымдастыруымен «Жанашырлыққа-жан риза!» атты мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мерекелік іс-шарада арнайы «Нүр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының бірінші орынбасары Оспанов Жанаділ Ағаділұлы қонақта болып, қызмет алушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, өз ыстық лебізін білдірді. Сонымен қоса мерекелік кешімізге қайырымдылық көмек көрсетіп келген демеушілеріміз «Каимов» ,«Беккулова», «Жұматаев» шаруа қожалықтары және «Тараз VIP сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекеме тұрғындарына арнайы әкелген сыйлықтарын табыстап, қошеметке бөленді. Сонымен қоса БАҚ өкілдері қонақта болды.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты  «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы екендігін, сонымен қоса адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту қажет екендігін насихаттау.

Мерекелік іс-шара барысында Орталық тұрғындары мен көркем өнерпаздар мүшелерінің қатысуымен «Іздеймін», «Бала махаббат», «Золотой», «Бір түрлі қыз», «Звезда», «1001 түн», «Скучаю» әндерімен «Көңіл ашар», «Вальс» билерін тарту етті. Әуезді әңдері мен мың бұралған бишілердің өнерлерін Орталық тұрғындары барынша қызығушылықпен тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.