Тараз қаласында ағымдағы жылы барлығы 3547  жалпы қылмыс тіркелген

0 6

Тараз қаласында ағымдағы жылы барлығы 3547  жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 14,0%-ға төмендеп отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде, қасақана кісі өлтіру 40,0%-ға , ауыр дене жарақаты 22,9%-ға , бұзақылық өткен жылдың деңгейінде қалыптасып отыр, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 35,6%-ға , зорлау 7 есеге, зорлау әрекеті 2 есеге , ұрлық 5,4 есеге , оның ішінде ұялы телефон ұрлау 28 есеге , қарақшылық 75,0%-ға , тонау 2,1%-ға өсіп отыр. Жалпы қылмыстар бойынша  ашылу деңгейі 7,1%-ға өсіп отыр. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 3,5%-ға  өсіп отыр.

Сондай-ақ,  кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 13,2%-ға өсіп, 60 деректі  құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.