Жамбыл ауданының жасөспірімдері ауыл ойындарынан жүлдемен оралды

0 1

Қордай ауданында ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өтті. Айтулы жарыста Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдері жаттықтырушысы Әділбек Сирманов волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандбол, бокс, баскетбол, еркін күрес секілді спорт түрлері бойынша өнер көрсетіп, командалық есепте екінші орынды иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауыл ойындарынан жүлдемен оралған жасөспірімдерді Аса спорт мектебінің директоры Серік Елеусіз бен мектеп директоры Жазира Әбденбек құттықтап, биік белестерден көріне берулеріне тілек білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.