Жуалы ауданында 7 495,4 млн теңгенің өнімі өндірілді

0 4

Жуалы ауданында қаңтар-қыркүйек айларында 7 495,4 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты деп хабарлайды «Zhambylnews» AA

Аудан әкімі брифингте ауданның 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттемелер туралы баяндады.
9 ай ішінде аудандағы кәсіпорындао 7 495,4 млн. теңгенің өнімін өндірген.(2018 жылы 9 айда 5 071,9 млн. теңге).

-2019 жылдың 1 қазанына аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 389 797,1 мың теңге салық түсірді.
Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 242 943,1 мың теңге салық артық түсіріп отыр немесе 2,5 есеге артты.

2019 жылдың 1 қазанына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4605 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде: 2 орта, 167 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2048 жеке кәсіпкерлер және 2388 шаруа қожалықтар. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4252-сі, немесе 92,3 пайызы жұмыс істеуде.

Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 369-ға немесе 9,5 пайызға артты,- деді Нарбай Ергебеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.