Елбасы ұлт жоспарында жүктеген міндеттемелер ЖД-158/7 мекемесінде жүйелі орындалып келеді

0 1

Елбасы ұлт жоспарында жүктеген міндеттемелер ЖД-158/7 мекемесінде жүйелі орындалып келеді. Олай деуге толық негіз де бар. Мәселен 100 нақты қадамның 33- бөлімі жазасын өтеп шыққандарды қоғамға қайта бейімдеп, әлеуметтік оңалту болса, бұл бағытта атқарылған жұмыстар ауқымды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жыл басынан бері шарапаты мол шараның игілігін – азамат көрді. Бостандыққа басқан алғашқы қадамынан бастап түрлі сала мамандары жұмыла жаза басып жаңылғандарды қоғамнан өз орнын тауып, сіңісіп кетуі үшін ат салысады.

Арнайы кешенді бағдарламада әзірленген. Онда денсаулығынан бастап тұрғылықты орны, жол пұлы, жұмыспен қамту, білім беру, бір реттік көтерме жәрдемақы сынды басты мәселелер қамтылған. Құзырлы орган өкілдері қайта қылмысқа бармауын қадағаласа, тіптен кәсіп ашып өз жеке ісін дөңгелетуге де жағдай жасалған. Бастысы ниет болса болғаны, мемлекет қол ұшын созуға әр кез дайын.

Мамад Хусейнов Жамбыл өңірінің тумасы. Жастықтың буына мастана шалыс басып, абайсызба кісі өліміне себепші болған. ҚР ҚК 96 бап 1 тармағына сәйкес 12 жылға бас бостандығынан айырылып 2011 жылы темір торға тоғытылды. Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапса, жаңылғанын түйсініп оңалудың оң жолына бет бұрды. Осы жылдар ішінде өзін жақсы қырынан танытып, тәртіпке мойынсұнды. Соның арқасында міне бүгін көптен күткен қуанышты күн туды.

Ал Гайробек Мусаев өзінің өткеніне өкінсе де, болашаққа деген көзқарасы оң, жоспары ауқымды. Соның арқасында өзіне кесілген 5 жыл мерзімінен бұрын босап шықты. ЖД-158/7 мекемесінде ұйымдастырылған «Қақпа алдында кездесуде» жазасын өтеушілер бостандыққа қадам басып, әлеуметтік бастаманың игілігін көріп отыр. Оларға тағайындалған барлық жәрдемнің жәй-жапсары таныстырылды. Алдағы уақытта да түрлі сала мамандары қос азаматтың қоғам қатарына қайта қосылуына ат салысып, жүйелі жұмыстар жасалатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.