Достық үйінде ҚХА еріктілері марапатталды

0
26

   Еріктілер жылында өңірлік волонтерлерді қолдау мақсатында, Тараз қаласындағы Достық үйінде  марапаттау рәсімі өтті,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

  Шарада Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының орынбасары, облыстық ассамблея волонтерлік қозғалысының әлеуметтік бағытының координаторы Алиев Хабиб, сондай-ақ штабтың екінші орынбасары және волонтерлік қозғалыстың спорттық бағыты бойынша координатор Лигостаев Артур және өңірлік «Жаңғыру Жолы» штабының белсенді мүшесі Заитова Сабина  қайырымдылықты, рухани бірлікті, достықпен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың , гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың алғыс хатымен марапатталды. Өз кезегінде алғыс хатты жастарға деген ыстық ықыласын жеткізе отырып, Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева  табыстады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here