Тараз қаласы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып «Болашақ үшін естелік» атты онлайн еске алу кешін өткізді «Zhambylnews» АА.
31 мамыр қазақстандықтар үшін үлкен мән мағынаға ие. Қылышынан қан тамған заманда «Халық жауы» атын иеленіп, саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, отбасы да, жақындары да бірге жапа шекті. Бұл қилы замандағы қасірет халықтың көзінен кетсе де, көңілінен кетпеді.
Ал Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді.
Аталған атаулы күнге орай, Тараз қаласы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып «Болашақ үшін естелік» атты онлайн еске алу кешін өткізді.
Дерек көздерде Жамбыл облысында 5 миллионнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 845 адамы қаза тапқан делінген. Тарихи отанынан айырылып айдауда жүрген азаматтарға пана болған еліміздің бауырмалдық, қонақжайлық қасиетін этнос өкілдері ерекеше бағалайды. Бүгінде олар бірлігі бекем, тірлігі көркем елдің халқына айналған.
Онлайн кеш барысында LED-экраннан қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттар жайында видеоролик көрсетіліп арты театрландырылған қойылымға ұласты. «Үкілім-ай» би ансамблінің «Вечная память» биімен жалғасын тапқан кеште Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілі Тухтамышев Мырзобобур «Земля Казахстана» әнін шырқады. Кеш әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілді.